Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖД мекемесінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай айтыс өтті

СҚО бойынша ҚАЖД мекемесінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай айтыс өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №48 мекемесінде қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай айтыс өтті.

Айтысқа өңірдің дарынды айтыскер ақындары Жұмабек Рахимов пен Диас Аяған арнайы шақырылды. Мекеме атынан шығармашылық сайысқа сотталған Д. есімді азамат қатысты, ол сотталғанға дейін айтыспен белсенді айналысқан. Оның өнері ұлттық мұраға деген құрмет қана емес, сонымен қатар мәдениет пен шығармашылық, ішкі күш пен рухани байлықтың маңызын паш етті.

Айтысқа қатысушылардың өнерін бағалағандар: республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегері Жарқын Жұпархан, спорт орталығы басшысының орынбасары Серікбай Сүлейменов, ҚАЖ ардагері Секен Ғабдуллаұлы және халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының өңірлік филиалының жетекшісі Жанат Мұхамеджанов.

Шараға көрермен ретінде облыстық дін істері басқармасы, Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана, “Абылай хан резиденциясы” музей кешені, мешіттер өкілдері, ҚАЖ ардагерлері және жазасын өтеп жатқан сотталғандар қатысты.

Айтыс бірнеше кезеңнен тұрды, әрбір кезең сөздің, парасаттың және ұлттық рухтың нағыз мерекесіне айналды. Барлық қатысушы өздерінің жоғары деңгейдегі шеберліктерін, шынайылығын және Абай мұрасына деген терең құрметтерін көрсете білді.

Іс-шара аяқталғаннан кейін қонақтар мен қатысушыларға белсенді қатысқаны және жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс хаттар табысталды. Айтыс ұлы ақынға көрсетілген құрмет қана емес, сонымен қатар руханият пен мәдениеттің адамдарды жақсылық пен дамуға бастайтын жолда біріктіретінінің жарқын үлгісі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру