СҚО бойынша ҚАЖД мекемесінің кітапханасы жаңа кітаптармен толықты
СҚО бойынша ҚАЖД мекемесінің кітапханасы жаңа кітаптармен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы бірнеше жылда СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелерінде сотталғандар арасында кітап оқудың қарқынды өсуі байқалады. Сотталғандардың көпшілігі шетелдік және отандық авторлардың көркем әдебиетін, детективтерін, психология және фантастика жанрларындағы кітаптарын үлкен қызығушылықпен оқуда. Әйелдер колониясының сотталғандары тұрмыс, сән және денсаулық туралы журналдарды оқуға ынталы. Соңғы мәліметтер бойынша, ведомстволық бағынысты мекемелердің кітапханаларында барлығы 30 мыңнан астам кітап бар.
Осылайша, №50 мекеме кітапханасының қоры тағы да жаңа әдебиеттермен толықтырылды. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың қызметкері Адима Долгополова көркем тақырыптағы 50-ге жуық кітап пен журналдарды таныстырып, кітап оқудың маңыздылығын атап өтті.
Сотталғандар кітап оқып қана қоймай, кітап жазады. Ең танымалдарының бірі жазасын өтеп шыққан сотталғанның әртүрлі тақырыптағы 40-қа жуық өлеңдері кірген «Цена ошибки» жинағы. Мекеме әкімшілігінің қолдауымен оның кітабы 25 данадан астам басылыммен шығарылды.
Сотталғандар тұрақты негізде дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, олардың барысында оқылған шығармаларды талқылайды, өз пікірлерімен және эмоцияларымен бөліседі.
– Кітап – әр адамның досы, өмірдің барлық салаларында нұсқаулық. Біз кітапхана қызметкерлеріне жаңа кітаптар сыйлағаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз, оларды тезірек оқып шығамыз деген ойдамыз. Мен мекемеде бір жылдан астам уақыт жазамды өтеп жатырмын, осы уақыт ішінде 50-ге жуық кітап оқыдым. Айтпақшы қазіргі уақытта менің сүйікті авторым Сұлтанмахмут Торайғыров, – деді сотталғандардың бірі.