СҚО бойынша ҚАЖД қызметкері отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы айтты
СҚО бойынша ҚАЖД қызметкері отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы айтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Наурыз мейрамын мерекелеу аясында Наурызнаманың мерекелік онкүндігінің әр күні қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің алуан түрлілігін бейнелейді. Маңызды күндердің бірі дәстүрлерді қолдауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған Шаңырақ күні. Көшпенділіктен бері "шаңырақ" - қасиетті элемент, отбасы мен ұлт бірлігінің символы.
Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелері мен пробация қызметтерінде ерлі-зайыптылардың екеуі де қызметкерлер болып табылатын 20-ға жуық отбасы қызмет атқарады. Қиын, ал кейде қауіпті жұмысқа қарамастан, әр ерлі-зайыптылар бала тәрбиесіне ерекше назар аударады.
— Жұбайым екеуміз мықты отбасын қалыптастыру үшін ата- бабаларымыздан қалған дәстүрлерді құрметтеп қана қоймай, өз дәстүрлерімізді құру қажет деп санаймыз, — дейді №66 мекеме бастығының орынбасары Сәбит Сыздықов.
Ерлі-зайыптылықтың көптеген жылдарында Сабит Манасұлының отбасында аптасына бір күнді толығымен жұбайы және балаларымен өткізу дәстүрі қалыптасты.
— Әдетте біз мұндай күнді белсенді және тиімді өткізуге тырысамыз. Мұражайларға, театрларға және концерттерге барамыз, табиғатқа шығамыз. Осы аптаның демалыс күнін ұлттық ойындарға арнап, балаларды тоғыз құмалақ ойнауға үйретуді жоспарлап отырмын. Баршаңызды бүгінгі Шаңырақ күнін өз отбасыңыздың ортасында өткізуге шақырамын, себебі салауатты отбасылық қатынастар еліміз бен ұлтымыздың тұрақтылығының кепілі болып табылады, — қорытындылады Сәбит.