СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты
СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл қаласының "Dostyq Mall" сауда-ойын-сауық орталығында "Мансап орталығы" ұйымдастырған кең ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында бастапқы даярлықтан өтіп, одан әрі аумақтық қылмыстық-атқару жүйесі органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы халық арасында кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмысын жүргізу мақсатында жәрмеңкеге СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің және ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері қатысты. Бос жұмыс орындарына қызығушылық танытқан адамдар үшін ішкі істер органдарындағы қызметтің шарттары мен тәртібі, сондай-ақ артықшылықтары мен талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар іс-шараға жұмысқа мұқтаж адамдармен, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және ПҚБ есебінде тұрған қоғамнан оқшауланбай жазаларға сотталғандармен бірлесіп Петропавл қаласының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері келді. Жұмыс берушілердің ішінен жәрмеңкеде "Петропавл қаласының білім бөлімі" ММ, "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ, "Маслодел" ЖШС, "Комунхоз" ЖШС, "Сұлтан кондитерлік өнімдер" АҚ және басқа да түрлі қызмет салаларының өкілдері болды.
Өткізілген жәрмеңкенің нәтижелері бойынша ПҚБ есебінде тұрған сотталғандарға тұрғылықты жері бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға және жеке кәсіпорындарда жұмыс орындары ұсынылды. Сонымен қатар олар әртүрлі мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту курстарына жазылуға мүмкіндік алды.
Өз кезегінде СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің және №52 мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері кәсіпкерлерді ең төменгі қауіпсіздік колониясына тарту мақсатында жәрмеңкеге қатысты.