Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 10 айдың ішінде есірткі қылмысын жасаған 30 адам сотталды

СҚО-да 10 айдың ішінде есірткі қылмысын жасаған 30 адам сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жыл басынан СҚО-да ауыр және аса ауыр есірткі қылмысын жасағаны үшін 30 адам бас бостандығынан айырылды, олардың ішіндегі 20-сының жасы 25-ке де толмаған. Жуырда Петропавлдың 24 жастағы екі тұрғынына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Олардың біреуінің қылмыстық әрекеті бір айға жуық жалғасқан. Ұстау кезінде полицейлер одан тұрғылықты жері бойынша «тұз» атауымен белгілі 17 түйіншекке салынған синтетикалық есірткіні тәркіледі. Ол 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, апелляцияға жүгінгенімен сот үкімін өзгерткен жоқ.

Екіншісінен «тұз» салынған 174 түйіншек тәркіленді, ол кінәсін бірден мойындады. «Жеткізушілерді» жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруды ол интернеттен көрген. Төленетін елеулі қаражатты ескеріп, тыйым салынған заттарды таратуға келіскен. Алайда 2,5 ай бойы жұмыс істеп, үлкен табысқа қол жеткізбеген, бұл әрекеті 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соқты.

– Кейбір жас жігіттер қылмыстық жауапкершілікке тек «есірткіні салып кетушілер» ғана тартылады деп ойлайды. Олар интернетте есірткі сататын дүкендерді ашып, синтетикалық есірткілерді жасаумен айналысады. Осы жылы облыста осындай интернет-дүкендерді ұйымдастырғаны үшін 7 адам сотталды, – дейді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Полицейлер жастарды қылмыстық әрекеттің салдарын ескеріп, жеңіл табыс үшін тағдырларын талқандамауға шақырады. Синтетикалық есірткілер дене және психикалық денсаулықты басқа есірткілермен салыстырғанда жылдам бұзады. Жыл басынан СҚО-да полицейлер есірткі заттарының заңсыз айналымының 204 фактісін анықтады, оның ішіндегі 70-сі сату фактісі. 411 келі түрлі есірткі тәркіленді, оның 2,2 келісі – синтетикалық есірткі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру