СҚО-да 10 күннің ішінде карантиннің 186 бұзушылығы анықталды
Солтүстік Қазақстан облысында 10 күннің ішінде карантиннің 186 бұзушылығы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыста шектеу шаралары енгізілген кезеңде мониторинг топтары құрылып жұмыс істеуде, олардың негізгі міндеті – халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Полицейлер, прокуратура, ТЖ қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер өңір тұрғындарын белгіленген шектеулер мен тыйымдарды қатаң ұстануға шақырады. Полиция қызметкерлері көп жағдайда түсіндіру жұмысын азаматтардың санасына және әлеуметтік жауапкершілігіне сенім арта жүргізеді. Өрескел бұзушылықтар орын алған жағдайда әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданады.Бұзушылықтардың басым бөлігі облыс орталығында анықталды. Талдау көрсеткендей, көп бұзушылықтар Аққайың, Тимирязев, Қызылжар және Есіл аудандарында да бар. Анықталған бұзушылықтардың ішінде – жұмысын тоқтатуға міндетті объектілердің жұмыс істеуі. Сатушылар тарапынан да бұзушылықтарға жол берілген, мониторинг тобы оларда бетперде мен қолғаптың болмағанын анықтады.
– Алдағы демалыс күндері облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Жүріп-тұруды шектеу қажет, азық- түлік сататындарынан басқа барлық сауда орындары жабық болады. Құрбан айтты мерекелеу күндері қандай да бір үй-жайда, оның ішінде үйде көп адамның жиналуына тыйым салатын барлық белгіленген нормаларды сақтау қажет, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.