СҚО-да 15 жұмыс беруші шетелдік азаматтардың еңбегін заңсыз пайдаланған
СҚО-да 15 жұмыс беруші шетелдік азаматтардың еңбегін заңсыз пайдаланған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19-25 маусым аралығында СҚО полицейлері «Заңсыз келуші» жедел алдын алу іс-шарасы режимінде жұмыс істеуде. Көші-қон қызметінің қызметкерлері учаскелік инспекторлармен және өзге бөлімшелермен бірлесіп, ауыл шаруашылықтарына, құрылыс және сауда объектілеріне ерекше назар аудара отырып, рейдтер жүргізеді.
Есіл ауданында Өзбекстанның 6 азаматынан тұратын бригада құрылды, олар жұмысқа орналасуға рұқсатсыз медициналық мекемені жөндеуде жұмыс істеген. Ал Шал ақын ауданында мектепті жөндеу кезінде Тәжікстанның 10 тұрғыны да заңсыз жұмыс істеген. Екі жағдайда да ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша материалдар жиналды. Заңды айналып өту мақсатымен шетелдік жұмыс күшін пайдаланған мердігерлер де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Облыста 7 күн ішінде ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін 212 шетелдік жауапты болды. Сондай-ақ 80 қазақстандық үш күндік мерзімде органдарға шетелден келген қонақтардың болуы туралы хабарламағаны немесе болу мерзімі өткен шетелдіктердің уақытылы кетуі бойынша шаралар қабылдамағаны үшін тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 15 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Азаматтардан заңнаманың талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз. Рейдтік іс-шаралар жалғасады, – дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.