Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 16 полиция қызметкері жаңа шен алды

СҚО-да 16 полиция қызметкері жаңа шен алды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде қызметкерлерге жаңа арнайы шендер табысталды. Олардың тоғызына бұл — орта басшы құрамның алғашқы арнайы шені, яғни Заң мен Тәртіп күзетінде қызметтік жолдың бастамасы.

Мысалы, Петропавл қаласы полиция басқармасының екінші полиция бөлімінің кезекші инспекторы Зүбайір Алдоңғар полиция лейтенанты шенін ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың қолынан алды. Ол ішкі істер органдарындағы қызметін 2021 жылы әкімшілік ғимараттарды күзетумен бастап, көп ұзамай кезекші көмекшісі лауазымына тағайындалған. Кезекші бөлімдегі жұмыс – аса жауапты міндеттердің бірі.

— Жауапкершілікке мені әкем үйретті, ол шекарашы болған. Оған қарап, мен де әрдайым форма киіп, офицер болуды армандадым, – дейді Зүбайір Алдоңғар.

Бүгін ең жоғары шен — полиция подполковнигі атағы ПД Штабының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айгүл Мамлютова мен Тайынша ауданы полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Аслан Боковке берілді. Аслан Боков – көп жылдық еңбек өтілі бар, полиция династиясын жалғастырып келе жатқан тәжірибелі маман.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру