Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 19 блок-бекет жұмысын жалғастырып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында өңірге кіріп-шығуды шектейтін 19 блок-бекеттің жұмысы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың барлығы Қызылжар, Есіл, Аққайың және Шал ақын аудандарынан басқа аудандарда тұр.

– Қазір облыс аумағында қозғалыс шектелмеген, яғни облыс орталығынан Солтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан елді мекендерге шығуға болады. Бұл ретте, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуын есте ұстаған жөн. Облыстан тыс жерге – жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша рұқсат етілген құжатпен ғана шығуға болады, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Айдын Байматов.

Блок-бекеттерде 202 полиция қызметкері, сондай-ақ медициналық және ветеринарлық қызметтің қызметкерлері жұмылдырылған. Полицейлер аймақтағы карантиндік шаралардың жеңілдегеніне қарамастан, елдегі және Ресей Федерациясының шекаралас аудандарындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеулерді сақтау қажеттілігі жалғасып жатқандығын айтты.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, қазіргі уақытта көршілердің, таныстардың, туыстардың және әріптестердің келуіне шектеу қойылды, тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды.

Қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасуға болмайды. Дүкендерге және басқа да орындарға барған кезде бетперде кию режимін сақтау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру