СҚО-да 289 учаскелік полиция инспекторы құқықтық тәртіпті сақтауда қызмет етеді
Қылмыстар, қоғамдық тәртіпті және жол жүрісі ережелерін бұзу – ҚР Ішкі істер министрлігі басшылығымен 2021 жыл – Құқық бұзушылықтардың алдын алу және «жұртқа жақын полиция» қағидатын қамтамасыз ету жылы болып жарияланды. Осы жұмыста учаскелік полиция инспекторларының, әсіресе ауылдық инспекторлардың рөлі ерекше.
Аққайың ауданы Полтавка ауылдық округі аудан орталығы Смирноводан 25 км жерде орналасқан. Құрамында Полтавка, Борки және Лесные поляны ауылдары бар. Жалпы халық саны 1256 адам. 2018 жылдан учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Марат Малғаждаров аталған аумаққа қызмет көрсетеді. Ауылдағы учаскелік полиция инспекторының жұмысы қаладағы әріптестерінің жұмысынан ерекшеленді: көп жағдайда бір-бірінен алшақ орналасқан бірнеше елді мекенді қадағалау керек, ауыл тұрғындарын танып қана қоймай, үнемі байланыста болу қажет.
Марат Малғаждаровтың айтуынша, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алуда бейне бақылау камералар аса тиімді. Полтавка ауылында үш бейнекамера бар, тағы 26-сы жергілікті ЖШС аумағында орналасқан. Бір айда учаскелік полиция инспекторы орташа есеппен 30 әкімшілік хаттама ресімдейді екен. Басым бөлігі қоғамдық орында масаң күйде жүргені, ұсақ бұзақылық, көлікті масаң күйде басқарғаны үшін толтырылады. Округтің аумағында төрт ауыл тұрғыны «есептеге тұлғалар» санатында. Олардың әрқайсымен профилактикалық әңгіме жүргізіледі.
Учаскелік инспектор бастысы хаттама саны емес, ауыр қылмыстарды, жол-көлік оқиғаларын, оқыс оқиғаларды ескерту екенін атап өтті. Басты назарда – балалар. Олар жазда күні бойы далада жүреді, учаскелік инспектордың міндеті – жасөспірімдер мен ата-аналарын суға түсу қаупі туралы ескерту.
Айта кететіні, учаскелік инспектор Малғаждаров өз отбасымен қызмет көрсететін әкімшілік учаске аумағында Полтавкада тұрады.
Аққайың ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаровтың айтуынша, учаскелік полиция инспекторы Марат Малғаждаров Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының түлегі, тәжірибелі полицей.
Ауыл тұрғындары Малғаждаровтың кәсібилігін және қайырымдылығын ерекше атап өтті.
Солтүстік Қазақстан облысында 289 учаскелік инспектор мен 69 көмекшісі қызмет етеді. Олардың қызметін «мың бір міндет жұмысы» деп атап жатады: олар тәулік бойы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, есептегі адамдарды бақылайды, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алып, полицияның сервистік жұмыс моделі шеңберінде басқа да міндеттерді атқарады. Олардың жұмысы халықтың объективті пікірлерімен бағаланады.