Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 30-ға жуық сотталғанға жеке басын куәландыратын құжат берілді

СҚО-да 30-ға жуық сотталғанға жеке басын куәландыратын құжат берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, әртүрлі себептермен (қолданылу мерзімінің аяқталуы, жоғалуы) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары сотталғандарды ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен міндетті құжаттауға жатады.

Қазіргі уақытта СҚО бойынша ҚАЖ департаменті №51 мекемесінің арнайы есепке алу бөлімінің және Айыртау ауданының полиция бөлімінің көші-қон қызметінің құжаттандыру бөлімінің қызметкерлері арасында бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарды құжаттандыру мәселелері бойынша жоспарлы жұмыс жүзеге асырылып жатыр. Осы жылдың басынан бастап мекемеде 29 сотталғанға қатысты құжаттандыру жүзеге асырылды.

Сотталғандар сот тағайындаған жаза мерзімін өтеу үшін мекемеге келгеннен кейін олардың жеке істеріне жеке басын куәландыратын құжаттардың және олардың қолданылу мерзімдерінің бар-жоғына тексеру жүргізіледі. Бас бостандығынан айыру мерзімі өтіп, мекемеден босатылған кезде құжаттар сотталғандардың қолына қолхатпен қатаң беріледі. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатын, бас бостандығынан айыруды жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру, жазаны өтеуді және мекемеден босатылатын адамды қосымша жазалауды кейінге қалдыру кезінде, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген, мерзімін өтеген соң босатылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттары таңдаған тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарына жіберіледі және ішкі істер органдарында және пробация қызметінде тиісті есепке қойылғаннан кейін беріледі.  

Құжаттандыру бойынша жұмыс ТМД азаматтарымен (жақын және алыс шетелдерде) жүргізіледі. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың ЖСН беру жөніндегі құқықтарын іске асыру жөніндегі мекеменің жұмысы толық көлемде жүргізіледі. Сотталғандардың осы санатына азаматтығы бар елдердің елшіліктеріне сұрау салу жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру