СҚО-да 60-тан астам полиция қызметкері марапатталды
СҚО-да Тұңғыш Президент күні қарсаңында 60-тан астам полиция қызметкері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында 60-тан астам солтүстікқазақстандық полицей мен ардагерлер марапатталды.
Атақтар, медальдар, төс белгілер, грамоталар мен алғыс хаттар – мемлекеттік мереке қарсаңында үлгілі қызметтері, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін облыстық ведомство аппаратының, қалалық басқарма, аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері марапатталды. Олардың ішінде үш ардагер, екі мемлекеттік қызметші бар, қалғандары – аттестатталған құрам.
Облыстық полиция басшысы Марат Төлебаев жеке құрамды құттықтай отыра, Егеменді еліміздің зор жетістіктерге қол жеткізуі Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен тікелей байланысты екенін атап өтті.
Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары қатарында қылмысқа қарсы күресте, қоғамдық тәртіп күзетін және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жоғары кәсібиліктерін танытқан қызметкерлер аз емес. Елуден астам қызметкердің еңбектері атаулы күн қарсаңында салтанатты түрде бағаланды.
Марапатталғандардың үшеуі – «ҚР ІІМ үздік тергеушісі, анықтаушысы мен криминалисі» республикалық байқауына қатысушылар. Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі полиция подполковнигі Сергей Коняхин, Жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисі полиция подполковнигі Александр Хлевов пен қалалық анықтау бөлімшесінің аға анықтаушысы полиция аға лейтенанты Назгүл Омарова әріптестерінің қошеметімен байқаудың қорытындысы бойынша дипломдар және алғыс хаттар алды.
Мереке және демалыс күндері полицейлер жерлестері мен облыс қонақтарының қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтай отыра, күшейтілген түрде қызмет атқарады.