Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да алаяқтыққа күдікті 67 жастағы әйел ұсталды

СҚО-да алаяқтыққа күдікті 67 жастағы әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға интернет алаяқтардың әрекеттерінен зардап шеккен  адамдар жиі жүгінеді. Желідегі алаяқтар қоңырау шалып, хабарлама мен электронды хат жазады, түрлі әдіс-айлаға барып, кездеспей-ақ ақшаны жымқырып жатады. Дегенмен әлі күнге дейін сиқырлы рәсімдерді өткізу түріндегі алаяқтың классикалық фактісі кездесіп тұрады.
Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөліміне облыс орталығының 68 жастағы тұрғынынан алдау жолымен оның екі алтын жүзігі мен 600 мың теңге ақшасын иеленгені туралы арызы келіп түсті.
Жәбірленуші жұмыс бабымен аудан орталығы Булаевтағы базарда болғанын, күн сайын оның бутигіне «аластау және сырқаттан арылту» қызметін ұсынған егде жастағы әйелдің келетінін түсіндірген. Басында қала тұрғыны ұсынылған осындай қызметтерге сенбеушілік танытқан. Алайда әйел қайта-қайта келіп, «тазарту» қызметін ұсынғанған. Ақыр соңында жәбірленуші өз келісімін берген, тауық жұмыртқасымен аластау рәсімі өткізілген, кейін «емші» ең құнды зат пен ақша сұраған, ол оны жеке пайда табу мақсатында емес, өртеу үшін алғанын, кейін аурудың бәрі кететінін айтқан. Әйел қолындағы екі алтын жүзігін шешіп беріп, қолына тағы 20 теңге ұстатқан. Біраз уақыттан кейін жағдайды бағаланымен «емші» қоңырауға жауап бермеген, кейін полицияға арыз жазуға мәжбүр болған.
Мағжан Жұмабаев ауданының полиция бөлімі криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтыққа күдіктіні ұстады. Ол жуырда Булаев қаласындағы танысына келген Ақмола облысындағы аудан орталықтарының бірінде тұратын 67 жастағы әйел болып шықты. Сақина тәркіленді.
Аталған факті ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) ойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру