Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да әлеуметтік желілердегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс күшейді

СҚО-да қоғам өкілдері мен полицейлер әлеуметтік желілерде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты күшейтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полицейлер қоғамның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу бойынша қабылдаған шараларын талқылады. Полиция департаментінде Консультативтік-кеңесші органның және “Işkı ıster ministrlıgı – Adaldyq alańy” жобалық кеңсенің кезекті отырысы өтті.

Бейнероликтерді, билбордтарды дайындау, әлеуметтік желілерде профилактикалық жұмыс жүргізу – бұның бәрі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алудағы қажетті құрал болып табылады. Соңғы жылдары бұл қауіп түбейлі өзгерді. Егер он жыл бұрын есірткіге тәуелділердің жасы 25-тен 40 жасқа дейін болса, бүгінгі таңда оларды түрлі әлеуметтік деңгейдегі жасы 25 толмағандар құрап отыр. Жыл басынан облыс полицейлері 208 есірткі құқық бұзушылықты, оның ішінде қылмыстың ауыр және аса ауыр санатына жататын 73 қылмысты тіркеді. Заңсыз айналымнан 409 келіден аса түрлі есірткі заттары, соның ішінде 10 грамға жуық героин, төрт келіден аса гашиш, төрт келіден астам түрлі синтетикалық есірткі мен 395 келі марихуана тәркіленді. Бұл жайлы жұртшылыққа СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди баяндады.

Нашақорлықтың алдын алу және емдеу туралы толығырақ облыстық Психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологі Татьяна Евтушенко тоқтала кетті. Отырыс жұмысына Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының тыңдаушылары, облыстық білім басқармасы мен Петропавл қаласы білім бөлімінің басшылығы қатысты. Көтерілген мәселелерді аудитория қызу талқыға салды. Отырысқа қатысушылар классикалық әдістен алшақтап, әлеуметтік желілерге баса көңіл бөле отыра, әсерлі бейнероликтер әзірлеп, педагогтар мен ата-аналар арқылы оларды жастар арасында мессенджерлерде таратуды қажет деп санайды. Полиция департментінің бастығы Марат Төлебаев жастармен жұмыс нашақорлықтың алдын алу ісіндегі негізгі тетік болып табылатындығын атап өтті. Облыстық полиция ведомствосы тарапынан кешенді шаралар қабылдануда, алайда халықтың қолдауы да қажет. Консультативтік-кеңесші орнан мүшелері барлық айтылған тілектер мен ұсыныстарды назарға алды.

Отырыс соңында ККО төрағасы Жасұлан Ахметов Полиция департаменті және халықпен іс-қимыл жасау жөніндегі қоғамның жұмысы жайлы айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру