Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да алғашқы мопед тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында алғашқы мопед тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мопедтердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында мопед жүргізушілерінің қатысуымен 24 жол-көлік оқиғасы тіркелген: олардың 8-і мопедтерді қағып кету фактісі болса, қалған 16-сы жүргізушілердің кінәсінен болған. Бұл оқиғалар салдарынан 20 адам жарақат алған, оның ішінде кәмелет жасына толмағандардың саны - 13.

Алаңдатарлық статистиканы төмендету үшін заңнамадағы түзетулер 2025 жылғы 5 сәуірден бастап күшіне енеді. Өзгерістерге сәйкес, мопедтерді тек тіркеуден өткеннен кейін және А1, А санатындағы жүргізуші куәлігі болған кезде ғана пайдалануға рұқсат беріледі.

СҚО-да полицейлер алғашқы мемлекеттік нөмірді Булаево қаласының 35 жастағы тұрғынына берді. Ол Tank мопедін тіркеу үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінді.

Полицейлер көлік иелерінен мопедтерді тіркеуді соңғы күндерге қалдырмауды, қажет болған жағдайда — автомектепте уақытылы қажетті білімді меңгеріп, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігін алуды сұрайды.

Мопедтерді тіркеу үшін Петропавл қ., Нефтепроводная к-сі, 7 мекенжайы бойынша Мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіну қажет. Ал қажетті кеңесті жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін 8 (7152) 32-00-19, 8 (7152) 32-00-22 телефондарына хабарласып алуға болады. Басқа да қажетті ақпаратты облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарынан табуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру