Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да Армениядан әкелінген 115 автокөлік тіркелді

1 маусымнан бастап Солтүстік Қазақстан облысында армениялық 115 автокөлік тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нақты деректер көрсеткендей, солтүстікқазақстандықтар “Toyota Сamry” мен “Hyundai Sonata” маркалы автокөліктерді әкелген. Жүк пен жолаушыларды тасымалдауға арналған көліктердің тіркелуі сирек. Мағжан Жұмабаев ауданында тұратын кәсіпкер Армениядан “Hyundai Grand Starex”, ал петропавлдық азамат жұмыс үшін “Ford Tranzit” маркалы автокөлігін айдап әкеліпті.

– Қазір біздің елге 2020 жылдың 1 ақпанына дейін енгізілген көлік құралдары тіркелуде. Атап өту қажет, жүк, жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдарының санаты әр түрлі болғанымен, тіркеу шарттары бәріне бірдей. Бұл процедураға басқару органдары сол жақта орналасқан көліктер ғана жатады. Ресімдеу құны 11 946 теңгені құрайды. Бұған тіркеу үшін төлем, көлік құралының тіркелу куәлігі мен мемлекеттік тіркеу нөмірі үшін мемлекеттік баж салығы кіреді, – дейді СҚО ПД Процессингтік орталығының бастығы Әсет Мәтен.

Полиция департаментінде “қауырт желі” телефондары (32-00-19, 32-00-22, 8-776-297-84-32) жұмыс істейді. Азаматтар бұл нөмірлер бойынша көлік құралдарын тіркеумен байланысты сұрақтарын қоя алады. 1 маусымнан бастап 300-ден астам қоңырау келіп түскен. Сондай-ақ, Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында солтүстікқазақстандықтардың сұрақтарына Полиция департаменті құрамындағы тіркеу-емтихан алу бөлімінің қызметкерлері жауап береді. Шектеу шараларының енгізілуіне байланысты алдағы демалыс күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру