Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да арнайы мектепке жіберілген жасөспірімнің анасы полицейлерге алғыс айтты

СҚО-да ерекше режимдегі арнайы мектепке жіберілген жасөспірімнің анасы полицейлерге ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдан бұрын мәжбүрлеп тәрбиелеу шарасы бойынша жіберілген жасөспірім облыстық жарыстың жеңімпазы атанды. Жас петропавлдықтың жеткен жетістіктері жайлы уақытында қабылданған шараға ризашылығын білдіре отыра, облыстық полиция ведомствосы басшысының атына түскен хатта анасы жазыпты. Ол кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторлар мен арнайы мектептің қызметкерлерінің арқасында баласының тәрбиесін уақытында қолына алғанына сенімді.

Светлана Агаеваның айтуынша, оның 13 жастағы баласы қаңғыбастықпен айналысқаны үшін Алматы облысындағы арнайы мектепке жіберілген. Оқушы келгеннен кейін де бұзақылығын қоймай, полицейлердің назарына түсе берген. Жасөспірім ювеналдық полицияның есебінде тұрған.

– Ұлым үйден кетуді шығарды, оқу мен спортқа қарауды қойды, қылмыс жасай бастады. Мен баламды ылғи қорғаштайтынмын, жасаған іс-әрекетім өзіме дұрыс болып көрінетін. Полицейлер келгенде оларға қарсы шығатынмын. Қалай болғанда да жабық мекемеге жібермей, баламды үйде алып қалу болды, – дейді әйел.

Былтыр бірнеше құқық бұзушылық жасағаны үшін полиция қызметкерлерінің жинаған материалдары бойынша соттың шешімімен 15 жастағы жасөспірім Шығыс Қазақстан облысындағы ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатына жіберілді. Бұл мекемеге келген соң бірнеше айдың ішінде оқушы білімін ғана жетілдіріп қоймай, спорт және шығармашылық жағынан жетістіктерін де көрсете білді.

– Ол құндылықтарды бағалауды үйренді. Мұны өте бағалаймын. Ұлыма еш істейтін амалым болмағанда, түн ішінде ювеналдық полиция инспекторы Алла Бобарыкина келетін. Оның өзінің кішкентай үш жасар баласы бар екенін білсем де, менің ұлыммен сөйлесу үшін бәрін тастап жүгіріп келетін. Балам тек инспекторға сеніп, оны тыңдайтын, – дейді Светлана Агаева.

Жуырда ол Шығыс Қазақстан облысында баласына барып, оның жетістіктеріне қуанып қайтты. Облыстық жарыстарға қатысып, өз салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Қазір республикалық біріншілікке дайындалып жатыр.

– Қарамағыңыздағы қызметкерлердің қажырлы еңбегіне және құзыреттілігіне шексіз алғысымды білдіргім келеді. Олардың жұмыла атқарған жұмыстарының арқасында менің ұлым басқа адамға айналды, – деп Агаева, Петропавл қаласы Полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева мен аға инспектор Алла Бобарыкинаны көрсете отыра, Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдиновтың атына хат жазыпты.

Петропавл қаласындағы ювеналдық полицияның есебінде тәрбиесі қиын 35 жасөспірім бар, оның 5-уі ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында оқуда. Қазіргі уақытта үшеуіне қатысты материал жинақталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру