Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да аудандық пробация қызметкерлері 18 сотталғанға жеке куәлік алуға көмектесті

СҚО-да Айыртау ауданының пробация қызметкерлері жыл басынан бері 18 сотталғанға жеке куәлік алуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айыртау ауданының пробация есебінде тұрған А. есімді сотталғанның ұзақ уақыт мерзімінде жеке басын куәландыратын құжаты болмаған. Айыртау ауданының ПҚБ қызметкерлерімен жеке құжатын алу мақсатында әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді.

2014 жылдың 23 қазанда №1131 «Пробация қызметінің есебінде тұратын сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бекітілген ережелеріне» байланысты Айыртау ауданының ПБ әлеуметтік-құқықтық көмек бағдарламасы жіберілді.

Құжаттандыру бойынша Айыртау көші-қон полиция бөлімімен бірлесе жұмыстар жүргізіледі. Айыртау ауданының пробация қызмет бөлімімен есепте тұратын сотталғандардың жағдайын оңалту мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Жыл басынан бері пробация қызметі бөлімінің инспекторлары есептегі тұрған 18 сотталғанның жеке куәлігін қалпына келтіруге көмектескен.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру