СҚО-да ауылдық учаскелік инспекторлар бір күнде екі қылмысты ашты
СҚО-да ауылдық учаскелік инспекторлар бір күнде екі қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында Ғ.Мүсірепов ат. ауданда учаскелік полиция инспекторлары бір күнде екі қылмысты ашты.
Полицейлер аумақты тексеру кезінде екі ауылдың ортасындағы алқапта тоқтап тұрған, фермерлік шаруашылыққа тиесілі МТЗ-80 тракторын байқаған. Рөльде алкогольдік масаң күйдегі, шаруашылықта түрлі жұмыс атқаратын 44 жастағы жергілікті тұрғын болған. Трактордың иесін ескертпей, оны жеке мақсатта пайдаланғаны белгілі болды, айта кететін болсақ оған зақым келтірген. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бұдан бөлек, күдіктіге қатысты масаң күйде басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Сол күні аула бойы тексеру кезінде келесі бір ауылда учаскелік инспектор Pilot Stels велосипедінің ұрланғаны туралы өтініш қабылдаған. Құны 53 мың теңге. Ұрлық жасады деген күдікпен алкогольді шамадан тыс ішуге бейім 50 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Бұрын ол қоғамдық орынға масаң күйде келгені және отбасындағы жанжал үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тексеру кезінде ер адамның ұрлыққа қатысы бары анықталды. Оның айтуынша, ішімдікке ақша керек болған.
Ұрланған велосипедті ол көрші ауылға 5 мың теңгеге сатқан. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Велосипед алынып, иесіне қайтарылды.
– Учаскелік полиция инспекторы жұмысының сәтті болуы қызметкердің қызмет көрсететін аумақтағы адамдарды жақсы тануында, олармен қарым-қатынас жасауында, туындаған жағдайларға түсіністікпен қарап, көмек көрсетуінде, – дейді аудандық ПБ бастығы Марат Әлжанов. — Аудан орталығы мен Ғ.Мүсірепов ат. ауданның 17 ауылдық округіне 18 учаскелік полиция пункті қызмет көрсетеді. Онда 24 учаскелік полиция инспекторы мен УПИ 5 көмекшісі қызмет атқарады. Жыл басынан олар 66 қылмысты ашты. 6 айда учаскелік инспекторлар алкогольге тәуелді 11 адамды мәжбүрлеп емдеуге жіберуге жолдама дайындады, тағы 5 материал аудан сотында қаралуда.