Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да балалар ата-аналарының жұмысымен танысты

СҚО-да балалар ата-аналарының жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандық полиция қызметкерлерінің балалары әкелері мен аналарының жұмысына барып қайтты.
Сенбіге түскен Халықаралық балаларды қорғау күнінде қызметте кезекшілікке жұмылдырылмаған тәртіп сақшылары балаларын облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында және кавалериялық бөлімшесінде ұйымдастырылған көңілді мерекеге апаруға мүмкіндік алды.


Балаларға жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері қоян-қолтық ұрыстың тәсілдерін, ал полицияның төрт аяқты көмекшілері қарулы қылмыскерді ұстау қабілеттерін көрсетті. Сондай-ақ балалар қызметтік-іздестіру иттерінің жаттығуын тамашалады.

Бүлдіршіндер патрульдік автокөлікке полиция қызметкерінің орнына отырып, қызметтік автокөліктің жабдықтарымен танысты. Бұдан бөлек, кавалериялық бөлімшенің қызметкерлері кішкентай қонақтарды аттарға мінгізді.

– Бүгінгі мереке жедел уәкілдерге, тергеушілер мен анықтаушыларға, учаскелік инспекторларға, патрульдік полицейлерге және полицияның басқа бөліністерінің қызметкерлеріне балаларымен уақыт өткізуге жақсы мүмкіндік болды. Балалар әкелері мен аналарының құқықтық тәртіпті сақтау бойынша жұмысын басқа жағынан көріп қайтты, – дейді СҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру