Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі“ ЖПІШ басталды

СҚО-да “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі“ жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірер күн бұрын СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі аппаратының қызметкерлері Петропавл қаласы Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің оқушыларына Жол қозғалысы ережелеріне арналған бірнеше сабақ өткізді. 

Полицейлер жұмбақтар, тапсырмалар, викториналар, ойын түрінде елуден астам балаға ақпарат жеткізді, олар өз кезегінде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. 

Аталған жұмыс патрульдік, ювеналдық полиция, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторларымен ұдайы негізде жүргізіледі.

Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің ақпараты бойынша, жыл басынан балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелмеген.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы қаңтар айында 2 жол-көлік оқиғасы орын алған, екі адам зардап шеккен.

– 14 ақпаннан бастап облысымызда “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі“ онкүндік республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Басты міндет – қыста балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу. Патрульдердің бағыттары оқу орындарына жақындастырылады. Әкімшілік полиция қызметкелері оқу орындары мен жаяу жүргіншілер өткелдері маңындағы жол-көше желілеріне мониторингті күшейтетін болады. Мектептер мен мектепке дейінгі білім беретін мекемелерде профилактикалық жұмыс күшейеді; инспекторлар онлайн және офлайн режимдерінде дәріс өткізеді, тақырыптық буклеттер мен жадынамалар таратады. Сонымен қатар, мектеп автобустарының жағдайы тексерілетін болады, – дейді СҚО ПД  ЖПҚБ бастығы.

Жолдың жүріс бөлігінде ойнауға болмайды, көлік көп жерде жолды тек белгіленген жерден және бағдаршамның жасыл түсіне ғана өту, қайырмалы бас киімнің астындағы музыка қосылған құлаққапты сөндіру – полицейлер аталмыш іс-шарада балалардан осы қарапайым ережелерді сақтау қажеттігін сұрайды.

– Қыста көлікті тежеу айтарлықтай қиындай түседі,  сондықтан жаяу жүргінші Жол қозғалысы ережелерін сақтаған күннің өзінде аса қырағылық таныту керек, – дейді полицейлер.

Жыл басынан СҚО-да 15 ЖКО тіркелген. Нәтижесінде, алты адам қаза тапқан және 20 адам жарақат алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру