Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да бір айда тұрғындардан 20 тіркелмеген қару тәркіленді

СҚО-да бір айда тұрғындардан 20 тіркелмеген қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаруды қылмыс жасауда қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 1 ақпаннан «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Әкімшілік полиция қызметкерлері және учаскелік инспекторлар қару мен оқ дәрілерді заңсыз сақтау фактілерін анықтауға жұмылдырылды.

Жамбыл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 57 жастағы ауыл тұрғынынан тіркелмеген ТОЗ-63 мылтығын және 18 патронды анықтады. Аталған қауіпті заттар диванның астында, оңай қолды болатын қолжетімді жерде жатқан.

Алынған қару және оқ дәрілер сараптамаға жіберілді, ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша материал жиналды. Аталған баптың 1-бөлігімен жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген.

– Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде тіркелмеген 20 қару тәркіленді, – деді СҚО ПД әкімшілік Полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Барлық бұзушыларға қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданады. Полицейлер облыста заңсыз сақталған барлық қаруды тәркілеуге бағдарланды. Халықты заңсыз сақтаудағы қаруды өз еркімен тапсыруға шақырамыз. Адамның әрекетінде қылмыс құрамының белгісі болмаса, қаруды өз еркімен тапсырған адам әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру