Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да бір сағат ішінде жылқылардың қатысуымен екі ЖКО болды

СҚО-да бір сағат ішінде жылқылардың қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Есіл ауданында полицейлер Корнеевка ауылының маңында қайғылы жағдайға себеп бола жаздаған жылқының иесін іздестіруде. Онымен түн ортасында жол үстінде 42 жастағы жергілікті тұрғын жүргізіп келе жатқан Audi автокөлігі соқтығысқан. Жүргізуші аман қалды, жараланған жануар қашып кеткен. Иесі ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша еркін жайылымға жол бергені үшін айыппұл төлеуі мүмкін.

Жарты сағаттан кейін, 3 қазан сағат 00:30 шамасында облыстың басқа бөлігінде табыннан бөлініп кеткен жылқы Lexus автомашинасының астына түскен. Жол-көлік оқиғасы Аққайың ауданында орын алды. Жүргізуші мен оның әйелі зардап шеккен жоқ, жануар сол жерде мерт болды. Бақташыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, жаза – 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл.

– Еркін жайылымның әрбір фактісі қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Қыркүйек айында бұндай оқиғалар Тайынша және Ақжар аудандарында да болды. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Күн сайын еркін жайылым фактілері анықталады. Облыста қаңғыбас малды қамауға арналған арнайы 230 қора ұйымдастырылды. Жыл басынан 9766 бас мал орналастырылып, олардың 3480 иесіне айыппұл салынды, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

9 айдың ішінде СҚО жолдарында жануарлармен соқтығысудың 24 дерегі тіркелді. Полицейлер ауыл тұрғындарынан малды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру