Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да бір жыл ішінде терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарын сақтамаған 18 объект анықталды

СҚО-да бір жыл ішінде 18 объектіде терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптары сақталмағаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Адамдарды ықтимал террористік қауіптерден қорғау үшін СҚО полицейлері террористік тұрғыда осал объектілерді тексереді. Басты назарда – қажетті техникалық параметрлерге сәйкестік, басшылық пен персоналдың дағдарыстық жағдайларда әрекет етуге дайындығы.

Жыл басынан полицейлер күн сайын ондаған адам жүретін ұйымдардың бірінде бірқатар кемшілікті анықтады. Меншік иесі көлемді айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өткен жылы тәртіп сақшылары осындай тексеру жұмыстары барысында Солтүстік Қазақстан облысындағы террористік тұрғыда осал 18 объектіде бұзушылықтарды анықтады. Көбінесе бейнебақылау және дауыстап ескерту жүйелеріндегі, қолжеткізуді басқару жүйелеріндегі кемшіліктер.

Бақылау функцияларынан бөлек, полицейлер осындай объектілердің иелері мен басшыларына террористік көріністерге қарсы іс-қимыл бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Мысалы, өткен жылы полицейлер осындай нысандардың басшылығы мен қызметкерлері үшін 70 семинар өткізді, оған 1500 тыңдаушы қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру