Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да бұзақы өзі бұзған патрульдік көліктің макетін қалпына келтірді

Солтүстік Қазақстан облысында бұзақы өзі бұзған патрульдік көліктің макетін қалпына келтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция көлігінің макеті жүргізушілердің тәртібін арттыру мақсатында пайдаланылатын профилактикалық құрал болып табылады. 2020 жылы СҚО-да ең күрделі жол учаскелерінде осындай 14 макет орнатылды. Қазан айының соңында аталған макеттердің бірі бұзақылық әрекеттердің нысанына айналды. Тайынша ауданы Келлеровка ауылы маңындағы дәмханадан спирттік ішімдік ішкен 33 жастағы елордалық жақын маңда тұрған патрульдік көліктің макетін зақымдаған, яғни бекіткіштер мен «доңғалақты», «айнаны» сындырған. Бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік материал жинастырылды. 18 қараша күні әкімшілік сот өтіп, сотпен құқық бұзушыға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу шешімі қабылданды.

– Бұзушы жасаған әрекетіне өкініп, сотқа дейін жөндеуге ақша төледі – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтанов. – Макет полиция бөліміне жеткізілді, 24-не дейін орнына қойылады. Ол Обуховка, Келлеровка маңында тұрған – бұл апаттың орын алуы бойынша ең қауіпті учаскелердің бірі, мұнда аударылу, жаяу жүргіншілерді соғып кету сияқты жол-көлік оқиғалары орын алып тұратын. Жол инфрақұрылымының белсенді элементтері, оның ішінде патрульдік автокөліктердің макеттері де апаттылықты азайтып, адам өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру