Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да дәрі-дәрмекті заңсыз сату дерегі анықталды

Петропавл қаласында дәріханалардың бірінің айналымынан емдік препараттардың 1500-ге жуық данасы алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қ. ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлерімен дәріхана мекемелеріне мониторинг жүргізу барысында Қазақстан Республикасында сату үшін тіркелмеген препараттарды анықтады. 458 қорап “Парацетамол” мен 83 дана “Аспирин”. Заңды шығарылуын растайтын құжаттары жоқ өнімнің барлығы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментіне тапсырылды. Аталған мекеменің қызметкерлерімен заңнамамен белгіленген шаралар қабылданып, алынған өнімнің кейінгі тағдыры белгілі болады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері және басқа да уәкілетті органдардың өкілдері дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз көтеру және оларды заңсыз сатуға байланысты фактілерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатқандығын естеріңізге саламыз. Мониторингілеу барысында СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен бірлесе Петропавл дәріханаларының бірінде “Аспирин Кардионың” қымбат бағамен сатылып жатқанын анықтады. Осындай факті жақында басқа бір дәріханада да анықталған болатын, онда вирусқа қарсы “Ингавирин” препаратын және “Азитромицин” антибиотигін қымбат бағамен саудалаған.

– Біздің мақсатымыз – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жүргізіліп жатқан профилактикалық, мониторингтік іс-шаралар, ең алдымен, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың барлық фактілері, сондай-ақ дәріні қымбат сату фактісі бойынша да полицияға жүгіну қажет. Барлық фактілер бойынша тексеріс жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданады, – деп атап өтті СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру