СҚО-да демалыс күндері мониторингілеу топтарымен санитарлық нормалардың 9 бұзушылығы анықталды
СҚО-да демалыс күндері мониторингілеу топтарымен санитарлық нормалардың 9 бұзушылығы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, дәрігерлер және тәтіп сақшылары қауіпті инфекцияны таратпау бойынша ұсынымдар мен талаптарды қатаң сақтауға шақырады. Петропавлда және облыс аудандарында мобильді мониторингілеу топтарының рейдтері жалғастырылуда.
Өткен аптада, тамыздың 16-сы мен 22-сі аралығында, СҚО аумағында санитарлық нормалардың 24 бұзушылығы анықталды. Олардың әр фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) материал жинақталды. Бас санитарлық дәрігер талаптарының өрескел бұзушылықтары қалалық мониторингілеу тобымен жексенбі күні анықталды. Облыс орталығындағы тойханалардың бірінде отбасылық және зейнет демалысына шығарып салу тойы өткізілген. Дастархан басында 70-тен 150-ге дейін қонақ болған. Нәтижесінде ұйымдастырушылар мен әкімшілікке қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша материал жиналды. Профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
СҚО-да жыл басынан ҚР ӘҚБтК 425-бабының мыңнан астам бұзушылығы анықталды. Қауіпті індеттің таралуын алдын алу жұмыстары күн сайын өткізілуде.