СҚО-да елордада Жеңіс күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысқан полицейлер марапатталды
СҚО-да елордада Жеңіс күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысқан полицейлер марапатталды, — деп хабардайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде өткен гарнизондық таратуда департамент бастығы Айдын Қабдұлдинов Жеңіс күніне орай Астана қаласында өткен іс-шараларда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлерін марапаттады. Бірқатар қызметкер мерекелік шеруге қатысты. Олар бойы мен саптық дайындығына қойылған талаптарға сай іріктеуден өткен.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруде мінсіз қызмет атқарғаны үшін СҚО ПД ЖҚАЖ жауынгерлері ведомстволық наградаларға ие болды. Екі қызметкерге “Құқық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалі табысталды.
Сондай-ақ жаңа арнаулы атақ алған қызметкерлерге погондар тапсырылды. Олардың қатарында ЖҚАЖ аға инспекторы Азамат Тажбаев бар. Оған полиция майоры атағы мерзімінен бұрын берілді.
Бұған қоса, ПД бастығы Айдын Қабдұлдиновтың қолынан СҚО ПД грамоталарын полицияның ерікті көмекшілері алды. Олар — негізінен Петропавл қаласындағы учаскелік полиция бекеттерінде құқық қорғаушыларға қолдау көрсетіп жүрген колледж студенттері.
Айдын Қабдұлдинов “Заң және тәртіп” қағидатын жүзеге асыру аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жеке құрамның дайындығын тексерді. Гарнизондық тарату оркестр сүйемелдеуімен өткен шерумен аяқталды.