СҚО-да есірткімен ұсталған әйел 11 жылға бас бостандығынан айырылды
СҚО-да есірткімен ұсталған әйел 11 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері 2024 жылдың жазында синтетикалық есірткі өткізді деген күдікпен Петропавл қаласының 24 жастағы тұрғынын ұстады.
Жеке тінту кезінде одан өткізу үшін дайындалған 20,95 грамм α-PVP және 23,71 грамм мефедрон тәркіленді. Тергеу барысында анықталғандай, ол есірткіні қаланың шетіндегі орман екпелерінен алып кеткен.
Жалпы салмағы 0,17 грамм болатын α-PVP есірткісі салынған фольгамен оралған тағы 3 түйіншек оның қолсөмкесінен табылды. Аса ірі мөлшерге жататын есірткіні жеке мақсатта пайдаланбақ болған.
Ұсталған келіншек 20 жасында есірткіні өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін сотталып үлгерген. Сот оның іс-әрекетінде қауіпті рецидивті байқап, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Өткен жылы полицейлер СҚО-да есірткі сатудың 132 фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан 8 келіден астам синтетикалық психотроптық заттар тәркіленіп алынды.