Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ІІО ардагерлері, полицейлер мен олардың ата-аналары марапатталды

СҚО Тайынша қаласында ІІО ардагерлері, полиция қызметкерлері мен ата-аналары марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара құқық қорғау органдарындағы қызметтің маңыздылығын және ұрпақтар сабақтастығын көрсете отырып, жоғары сынып оқушылары арасындағы кәсіптік бағдар беру аясында өтті.

Полиция қызметкерлері күнделікті қызметтік міндеттерін орындау кезінде қауіп-қатермен бетпе-бет келуі мүмкін. Олардың жұмысы асқан жауапкершілікті талап етеді.

Көрермендердің қошеметімен учаскелік полиция инспекторлары Кауаз Мұқажанов пен Талғат Бейсенбаев, кинолог-инспектор Азат Жахин СҚО полиция департаментінің грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері Ержан Сәрсенбай мен Мирас Рамазановқа алғыс хаттар табыс етілді.

Ал ІІО ардагерлері Бақытжан Қажыбаевтың, Рашид Жүсіповтің, Абай Дүйсембиннің марапат алуына жерлестері куә болды. Тайынша ауданы полиция бөлімі құрамындағы ардагерлер ұйымының жұмысына қосқан үлесі және ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жан-жақты көмек көрсеткені үшін ауданның полиция бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Иосиф Шушковскийге бағалы сыйлық табысталды.

Бұдан бөлек, полиция қызметкерлерінің ата-аналары да марапатталды. Алғыс хаттарды Серік Сүлейменов, Балғын Ахметжанова, Николай Шмидт, Орымбай Жұмабаев және Айсұлу Төлепова алды. Олардың балалары криминалистер, тергеушілер, жедел уәкілдер болып қызмет етеді.

Мұндай іс-шаралар мамандықтың беделін нығайтып қана қоймай, жастарды құқықтық тәртіпті қорғау ісіне құрметпен қарауға тәрбиелейді. Полиция қызметі – Заңның үстемдігін сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға дайын қуатты және Отанға адал адамдардың таңдауы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру