Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ІІО ардагерлері жас қызметкерлермен бақытты отбасы құрудың құпиясымен бөлісті

СҚО-да ІІО ардагерлері жас қызметкерлермен бақытты отбасы құрудың құпиясымен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызмет атқара жүріп отбасына да көңіл бөлу – бұл жас полицейлер үшін маңызды сұрақтардың бірі. Мұның жауабымен ішкі істер органдарының ардагерлері бөлісті.

Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтетін Отбасы күні қарсаңында солтүстікқазақстандық полиция департаментінің музейінде «Отбасы – үлкен құндылық» тақырыбында сабақ өтті.

Музейдің кинозалында үнемі қызметте жүретін жас полицейлер, жедел уәкілдер, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ пен басқа да бөліністердің қызметкерлері ішкі істер органдарында қызмет атқарып, бүгінде зейнетке шыққан отбасылық жұптармен кездесті.

– Полиция офицерінің жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, қызмет бабында өсуі отбасының қолдауына байланысты, – дейді отставкадағы полиция полковнигі Нұрғали Оразалинов.

Оның жары, отставкадағы полиция аға лейтенанты Қантайым да отбасында өзара түсіністік болса – барлық мәселелердің шешімін табуға болатындығын айтты.

Оразалиновтар, Деровтар отбасылары және ұлы да ішкі істер органдарында қызмет атқарған отставкадағы милиция подполковнигі Зинаида Трусова жас полицейлерге Тәуелсіздік алғанға дейінгі және 90-шы жылдардағы кезеңде атқарған қызметтері туралы айтты.

– Петропавлдың Киров ауданында тек бір ғана автокөлік болды. Учаскелік инспектор жаяу жүріп жұмыс істеді. Мен әлі күнге дейін өзім тексерген есепте тұрған әр адамды, тіпті олардың балаларын да танып жатамын, – дейді Нұрғали Құрманғалиұлы.

Бұдан бөлек, кинозалда музей қонақтарына Солтүстік Қазақстан облысындағы полиция әулеттері туралы бейнероликтер көрсетілді. Олардың арасында Магомедовтар әулеті де бар. Олардың бүгінде төртінші ұрпағы құқықтық тәртіп саласында қызмет атқарып келеді. Бұл отбасылардың барлығының айтуынша, тек махаббат пен өзара құрмет қана кәсіби жетістікке жетудің негізі болып табылады.

Жас қызметкерлерді отаншылдыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге бағыттталған осындай іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру