Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да интернет-алаяқтық қылмысының саны азайды

СҚО-да интернет-алаяқтық қылмысының саны азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ғаламтордағы алаяқтар миллиондаған зиян келтіруі мүмкін. Мұндай фактілердің алдын алу үшін Солтүстік Қазақстан полицейлері ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдарымен кездесіп, киберқылмыскерлердің кең таралған амалдарын түсіндіреді.

Кезекті профилактикалық әңгіме Петропавл қаласының №1 гимназиясында өтті. Қалалық ПБ екінші бөлімінің бастығы Талғат Смағұлов педагогтарға «банктен қоңырау шалуға» сенуге болмайтынын еске салды. Кейде қылмыскерлер алдымен өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырады. Олар жәбірленушінің шоттарына қастандық жасайтын банктің жосықсыз қызметкерлеріне қарсы «арнайы операция» жүргізіп жатыр деп сендіреді. Егер адам сенсе, оны «банктің қауіпсіздік қызметкеріне» «қосады». Ол дәстүрлі схеманы ойнайды: жәбірленушіні үлкен несие алып, ақшаны «қауіпсіз шотқа» салу керек деп сендіреді. Ол жерден алаяқтар қаражатты оңай алып алады.

– Алаяқтықтың сенімді белгілерінің бірі — қылмыскерлер адамдарды ешкімге, әсіресе банкте ештеңе айтпастан, олардың нұсқауларын орындауға сендіреді. Түсіну маңызды: полиция қызметкерлері адамнан шақырту хатын алғаннан кейін ғана сұхбат ала алады, ал банк қызметкерлерінің адамнан қандай да бір қаржылық операциялар жасауын талап етуге құқығы жоқ. Мұндай қоңырауларды алған кезде әңгімені жалғастырмау керек. Полицияға немесе банкке ресми нөмірлер бойынша қоңырау шалыңыз, қызметкерлер сізге шынымен қоңырау шалды ма деп сұраңыздар, – деп түсіндіреді Талғат Смағұлов.

Айта кетерлік жайт, гимназия мұғалімдерінің бірі өзін алаяқтардан осылай қорғаған: ол шақырту хатын жібермейінше, оған сұрақтар қоймауды талап еткен. Полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ бірден Астанада екенін мәлімдеді, ал педагог оған аумақтық қағидатын бұзғанын көрсетіп, телефонды қойған.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының хабарлауынша, облыста бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша барлығы 182 интернет-алаяқтық тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңінде олардың саны 214 болған. Яғни, СҚО-да желілік алаяқтықтың төмендеуі байқалды. Бұл – полицейлер жүргізетін жоспарлы профилактикалық жұмыстың нәтижесі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру