Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да интернет-алаяқтыққа қатысы бар бес күдікті ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтыққа қатысы бар бес күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласында полицейлер ҚР Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен прокуратураның үйлестіруімен 19 бен 24 жас аралығындағы бес облыс тұрғынын ұстады.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Аққайың ауданының 21 жастағы тұрғыны халықаралық интернет-алаяқтық желісіне қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топты құрған деген күдікке ілінді. Ол төрт адамның әрекетін үйлестіріп отырған. Күдіктілер өз кезегінде қылмыстық жолмен табылған қаржыны аудару және қолма-қол алу үшін банк шоттары мен төлем карталарын пайдаланатын адамдарды ұйымдастырған.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың еліміздің әр өңірінде, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында жасалған сегіз интернет-алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Бұл фактілер бойынша келтірілген жалпы материалдық шығын 38,5 миллион теңгені құрайды.

— Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, - деп атап өтті СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әльнұр Ахмедьяров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру