Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да колонияға ақша өткізу әрекетінің жолы кесілді

СҚО-да колонияға ақша өткізу әрекетінің жолы кесілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №48 мекемесінде тыйым салынған заттарды мекеме аумағына енгізу әрекетінің жолы кесілді.

Ұлына ұзақ мерзімді кездесуге келген азаматшаның жеке заттарын тексеру барысында рюкзак ішінен 2000 ресей рублі көлеміндегі (эквиваленті – 10 800 теңге) ақшалай қаражат табылып, тәркіленді. Сонымен қатар сөмкеден түрлі әшекей бұйымдар – түрлі түсті металдан жасалған кулонды алқа және үш жұп сырға анықталды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы 1-бөлігіне сәйкес тиісті материал рәсімделді.

Мекеме қызметкерлері тұрақты түрде сотталғандармен қатар, кездесуге келетін туыстарымен де алдын алу түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Оларға кездесу өткізу тәртібі, соның ішінде рұқсат етілген және тыйым салынған заттар мен бұйымдардың тізбесі міндетті түрде түсіндіріледі. Бұған қоса, әрбір қысқа және ұзақ мерзімді кездесудің алдында келушілерге ішкі тәртіп ережелері ескертіледі. Соған қарамастан, кейбір азаматтар айла-шарғылар қолданып, тыйым салынған заттарды өткізбек болады, – деп атап өтті режим бөлімінің бастығы Айбол Қожахметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру