СҚО-да көпжылдық тәжірибесі бар офицер жаңа жыл түнінде жедел кезекші болып қызмет атқарады
Жаңа жыл түнінде Қазақстан полициясы тік тұрып қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл жауапты лауазымға тек ең тәжірибелі полиция қызметкерлері тағайындалады. Олар полицияның барлық кезекші бөлімінің жұмысын қадағалайды. ПД мен ІІМ басшылығына құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы хабарлайды, дағдарыстық жағдайлар туындағанда жауапты шешімдер қабылдайды.
Максим ішкі істер органдарында 2002 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Полиция департаменті штабының жедел кезекшісі лауазымынын атқарып жүргеніне 15 жыл болды. Бұған дейін ол учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеген, сондықтан полиция қызметінің барлық қыр-сырын, ерекшеліктерін жақсы біледі. Ол екі тәулік сайын ауысымға шығып отырады. Жаңа жылды жұмыс орнында осымен сегізінші рет қарсы алады.
– Адамдар көп жиналатын мерекелер кезінде тапжылмай отырып жұмыс істейміз. Өкінішке орай, адамдардың кейбірі мерекелік отырыстарды алкогольсіз өткізбейді. Алкоголь бар жерде міндетті түрде дау-жанжал, төбелес болады, біреулер мас күйде көлік жүргізуі мүмкін. Сондықтан бізге көп міндет жүктеледі, – дейді ол.
Максимнің айтуынша, жұмыс күндері полицейлер тәулігіне орташа есеппен 120-дан 180-ге дейін қоңырау қабылдайды. Тәжірибелі полицейдің ойынша, мереке түнінде олардың саны көп болатыны сөзсіз, ал алкоголь болмаса, бұл жаңа жылдың ең тыныш түні болар еді.
– Барлық солтүстікқазақстандықтарға тыныш, қауіпсіз және қуанышты мереке тілеймін. Әр құқық бұзушылық үшін жауапкершілік бар екенін естен шығармай, айналаңыздағы адамдарға құрметпен қараңыздар. Жаңа жыл түнінде кезекшілікте болатын өзімнің әріптестеріме және барлық қызметтің қызметкерлеріне жұмыстарының тыныш өтуін тілеймін, — дейді Максим.