СҚО-да көші-қон қызметінің қызметкерлері 3800-ден аса бұзушылықты анықтады
СҚО-да көші-қон қызметінің қызметкерлері 3800-ден аса бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын сақтау бойынша жұмыс жүргізуде. Барлығы аталған бағыт бойынша жыл басынан 3800-ден аса құқық бұзушылық анықталды. Басым бөлігі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) 492-бабына қатысты – 3167 факті. Бұдан бөлек, ел аумағында болу қағидаларының 447 бұзушылығы анықталды. Негізінен олар рұқсат етілген келу мерзімдерін бұзу және келу мақсатының сәйкессіздігінен көрінеді. 28 адам заңмен белгіленген бір ай мерзімде басқа азаматтық алуы туралы хабарламаған, тағы 69 адам шетел азаматтығын алып, ҚР азаматы құжаттарын пайдалануды жалғастырған. Заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін 37 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапқа тартылды. Шетелдіктерді қабылдайтын облыс тұрғындары осынша көші-қон заңнамасын бұзушылыққа жол берген.
– Қабылдаушы тарап үш жұмыс күні ішінде басқа мемлекеттердің азаматтарының немесе азаматтығы жоқ адамдардың келу фактісі туралы ішкі істер органдарын хабар етуі тиістігі туралы еске саламыз, — дейді СҚО ПД КҚҚБ бастығы Талғат Әбілов. — Кеңес алу үшін адамдардың аумақтық көші-қон қызметіне жүгінуін сұраймыз. Петропавлда келесі телефондарға: 8 (7152) 34-00-50, сондай-ақ сыртқы көші-қон мәселелері бойынша 8 (7152) 34-00-23, азаматтық мәселелері бойынша 8 (7152) 34-00-35 хабарласуға болады.