СҚО-да мал ұрлығы азайды
18 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында “Мал ұрысы” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер ветеринарлық қызметтермен бірлесіп рейдтер өткізіп, көлік пен базарларды тексеруді бастады. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Тәртіп сақшылары халыққа жеке аулаларды нығайту бойынша ұсыныстарды еске салып, мал жаю ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салуда. Полицияның мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізген профилактикасы мен іс-әрекетінің арқасында соңғы 10 айда мал ұрлығы саны азайды.
– Мал ұрлығына қарсы тұру – кешенді тәсілді қажет ететін міндет. Криминалдық полиция қызметкерлері басқа қызметтермен бірлесе отырып, қылмыстың осы түрін ашу және жолын кесу, соның ішінде етті сату ережелерінің сақталуын бақылау бойынша жұмыстар күшейтілді. Ветеринарлық қызмет қызметкерлерінің қатысуымен базарлар бойынша рейдтер жүргізіледі, мал және ет өнімдерін тасымалдайтын автомобильдер тексеріледі, – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.
СҚО-да осы жылдың 10 айы ішінде мал ұрлығының 5 фактісі тіркелді. Өткен жылы 16 болған еді.
“Мал ұрысы” жедел алдын алу іс-шарасы 20 қарашада аяқталады.