Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мал ұрылары сиырды атқан

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері мал ұрлаған екі күдікті ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 тамыз Есіл ауданының полиция бөліміне ЖШС бірінің директоры келіп, жайылымнан құны 250 мың теңге тұратын ақ басты тұқымды сиырының жоғалғанын айтқан. Бірнеше күн бойы шаруашылық жұмысшылары өз күштерімен іздеп, кейін тәртіп сақшыларына көмекке жүгінген. Іздестіру кезінде полицейлер жануардың кездейсоқ жоғалмағанын анықтады. Жайылымның маңындағы орманнан атылған малдың сойылғанын көрсететін іздер табылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде екі күдікті ұсталды: серіктестіктің 26 жастағы жұмысшысы мен бұрын мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қызылжар ауданының 34 жастағы тұрғыны. Соңғысынан «ВАЗ-2199» автомобилі алынды, көлік салонында етті мүшелеп бөлудің белгілері анықталды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 2-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Полицейлер олардың бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

– Полиция бөлімінің қызметкерлері аудандағы шаруашылық басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, техникалық қорғалуын нығайтуға және малды еркін жайылымға жібермеуге шақыруда, – деп хабарлайды Есіл ауданы ПБ бастығының орынбасары Сағындық Жантеміров. – Бүгінгі күні Есіл ауданында шаруашылықтардың шамамен үштен бірі бақташы және жергілікті атқарушы органдармен үш жақты шарт жасасқан. Малды ұйымдасқан түрде бағу – қылмыстық қолсұғушылықтан және жануардың өз бетінше қаңғырып кетуінен қорғаудың барынша тиімді құралдарының бірі. Биылғы жылы ауылдықтар еркін жайылымнан малдары жоғалған кезде полицияға алты рет жүгінген. Барлық жануарлар табылды. Сондай-ақ, мал ұрлығының екі фактісі орын алды, екеуі де ашылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру