Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мас жүргізуші өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылды

СҚО-да мас жүргізуші өмір бойына көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бес жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған Николай досымен кездескеннен кейін біраз ішіп, үйге жету үшін мас күйінде көлікке отырды. Үйге барар жолда оны жол-патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатты. Медициналық тексерудің қорытындысы Николайдың «орташа» мас күйінде болғанын көрсетті.

Николай ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігінде (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Көлік құралын жүргізу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 600 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды.

– Сотталғанға қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда, олар бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру есебінен бір күн бас бостандығын шектеу немесе төрт жұмыс істемейтін сағат қоғамдық жұмыстарға бас бостандығынан айыру есебінен ауыстырылатыны түсіндірілді, – деді СҚО бойынша ҚАЖД Есіл ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкері Диана Дюсембинова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру