Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мас жүргізуші полициядан қашпақ болды

СҚО Мамлютка ауданының орталығында мас жүргізуші полициядан қашып, ыңғайсыз жағдайға тап болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ВАЗ-2106 автокөлігін басқара отырып, көрші Қызылжар ауданының 62 жастағы тұрғыны тәртіп сақшыларының назарын өзіне аударды. Ол автокөлікті сенімсіз түрде басқарып келе жатты. Көлікті тоқтату туралы талапты елемей, ер адам республикалық маңызы бар Челябі – Новосібір трассасы бағытында жасырынуға тырысты. Полицейлер оған көлік көптеп жүретін жолға шығуға жол бермеді. Содан кейін құқық бұзушы қоқыс жатқан жерге қарай, ауыл жаққа бұрылып кетті. Онда оның жолын арық кесіп өтті. Жолы болды, көлік құлап кетпеді, бірақ шетіне ілініп қалды. Дегенмен, полицейлер жүргізушіні салоннан шығарып алу үшін қыруар жұмыс атқарды. Медициналық куәландырумен расталған алкогольдік мас болу оның тіпті аяғынан тік тұруына кедергі болды.

Аудандық ПБ бастығы Петр Климовтың айтуынша, қазіргі уақытта жүргізуші 20 тәулік әкімшілік қамауда. Белгілі болғандай, бұрын бұзушы басқару құқығынан айырылған, содан бері жүргізуші куәлігін қалпына келтірмеген.

– Мас күйінде жасалған әрбір сапар жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. 10 мамырдан бастап жолдағы апаттылықты азайту жұмыстары “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңі аясында күшейтілді. Осы уақыт ішінде облыста 27 мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру