СҚО-да мас жүргізушілер анықталды
СҚО-да мас жүргізушілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шал ақын ауданында полицейлер Сергеевка кентінің көшелерімен мас күйде мотоблок айдап жүрген 39 жастағы ер адамды тоқтатты. Оның жүргізуші куәлігі болмағандықтан, сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полицейлер мотоблоктардың ауылшаруашылық жұмыстарын орындауға арналғанын, олармен жалпы пайдаланымдағы жолдарда жүруге тыйым салынатынын атап өтеді. Әсіресе, мас күйінде басқару жол қозғалысына айтарлықтай қауіп төндіреді.
Өткен үш күнде Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер өздерімен қатар өзгелердің де қауіпсіздігіне қатер төндіріп, рөлге мас күйде отырған төрт жүргізушіні ұстады.
Жалпы, тәртіп сақшылары 445 жол жүрісі қағидаларын бұзушылықты анықтады. Оның 147-сі — көлік басқару кезінде телефон қолдану. Мұндай әрекет ауыр жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар 64 жүргізуші техникалық байқаудан өтпеген көлікті басқарған, 12 жүргізушінің басқару құқығы болмаған, 9 көлік иесі өз автокөліктерін заңда белгіленген тәртіппен тіркемеген. Мысалы, Петропавлда 35 жастағы қала тұрғынының Hyundai автокөлігі айыптұрағына қойылды.
