Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мереке күндері қоғамдық тәртіп полиция бақылауында болды

СҚО-да мереке күндері қоғамдық тәртіп полиция бақылауында болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының мәліметінше, жаңа жылдың алғашқы күндерінде өңірдегі жедел жағдай тұрақты деңгейде сақталды. Аталған кезеңде мүліктік сипаттағы барлығы үш қылмыс тіркелген: оның екеуі — ұрлық, біреуі - автокөлікті заңсыз айдап әкету дерегі.

Қуантатыны - төрт күн ішінде алаяқтық фактілері бойынша полицияға бірде-бір өтініш түспеген. Дегенмен, тәртіп сақшылары азаматтарды қырағылық танытуға шақырып, жеке деректерді, әсіресе SMS арқылы келетін құпия кодтарды бөгде адамдарға хабарламау керектігін тағы бір мәрте ескертеді.

Сонымен қатар мереке күндері "102" арнасына 448 хабарлама келіп түскен. Оның 36-сы қоғамдық тәртіптің бұзылуына қатысты болды. Негізінен бұл хабарламалар пиротехникалық бұйымдарды қолданған жастарға байланысты тіркелген. Бұдан бөлек, тыныштықты бұзудың 32 дерегі анықталды. Атап айтқанда, пәтерлердегі шулы отырыстар мен түнгі уақытта қатты музыка қосып жүрген жүргізушілерге қатысты шағымдар түскен.

Ал жаппай демалыс орындарында және қысқы қалашықтарда қоғамдық тәртіпті бұзу деректері тіркелген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру