Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да оқушылар есірткіге қарсы концерт ұйымдастырды

СҚО-да оқушылар есірткіге қарсы концерт ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ақпаратына сәйкес, облыста екі кәмелетке толмаған жасөспірім наркологиялық есепте тұр. Жыл басынан есірткіні заңсыз жолмен пайдаланған бір, ал өткен жылы бес жасөспірім ұсталды. Полицейлер жастар арасындағы профилактикалық жұмыстарды үнемі жүргізіп тұрады.

Ақжар ауданының оқушыларына арнап олардың құрдастары «Есірткісіз болашақ» концертін өткізді. Оны полиция бөлімі мен аудан әкімдігі, сондай-ақ «Серпер» өнер мектебінің оқушылары ұйымдастырды. Жас әртістердің өнеріне қолдау көрсетіп, баға беру үшін аудан орталығындағы мәдениет үйіне 200-ге жуық жасөспірім, ауданның ересек тұрғындары мен қонақтары келді.

Жиын басында полицейлер «Есірткіге «жоқ» деп айт» деген тақырыптағы суреттер байқауының қатысушыларын, сондай-ақ жастарды есірткісіз өмірге баулуға белсенді үлес қосып жүрген азаматтарды – аудандық білім бөлімінің басшысы Қайрат Сәдуовты, мәдениет үйінің директоры Сәкен Закаринды, «Серпер» мектебі директорының міндетін атқарушы Күлшара Үгібаеваны марапаттады.

– Өлеңдер, әндер мен жігерлі заманауи билер қуаныш пен шығармашылық жетістіктерге толы есірткісіз өмірдің символына айналды. Мұндай іс-шаралардың мақсаты – жасөспірімдерді нашақорлық пен есірткі бизнесіне тартудың алдын алу, – дейді аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Руслан Байжанов.

Мұндай жұмыс облыстың барлық аудандарында жүргізілуде. Қаңтар айынан бастап 6 концерттік және 22 спорттық іс-шаралар өтті. Жалпы алғанда, полицейлер 368 дәріс, кездесулер, әңгімелер, дөңгелек үстелдер және жасөспірімдермен өзара іс-қимыл жасау бойынша басқа да іс-шаралар ұйымдастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру