СҚО-да өткен демалыс күндері полицияға 1478 телефон хабарламасы келіп түсті
Солтүстік Қазақстан облысында өткен демалыс күндері полицияға 1478 телефон хабарламасы келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО Полиция департаментінде мереке күндеріндегі кезекшіліктің қорытындысы шығарылды. Күн сайын облыстың ең ірі елді мекені – Петропавл қаласында қоғамдық тәртіпті сақтауға 260 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері түсіп отырды. Олар бес модульде және 58 жаяу бағыт құрамында кезекшілік атқарды, содай-ақ 17 автопатруль құрамында екі ауысымда құқықтық тәртіпті қадағалады. Сыртқы қызметтерден басқа бейнебақылау камералары арқылы қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының полицейелері де тәулік бойы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бақылады. Нәтижесінде мерекелік үш күн ішінде ЖБО камераларының көмегімен 141 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның 101-і жол жүрісі ержелерінің бұзушылығы болса, 40 фактісі қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу. Екі ұрлық пен бір бұзақылықты ашуға септігін тигізген үш факті анықталды.
СҚО ПД Штабы бастығының орынбасары Бақытжан Әлбековтің айтуынша, демалыс күндері жағдай тұрақты болған. «102» арнасына 1478 телефон хабарлмасы келіп түсті, 340-на жедел ден қою қажет болды. Оның ішінде ұрлық туралы 16 хабарлама, отбасылық жанжал туралы 19 хабарлама.