Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен жүргізуші ұсталды

СҚО-да өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданы Покровка ауылының тұрғыны Priora автокөлігінің жоғалғанын байқап, полицияға жүгінді. Көп ұзамай оның телефонына жол ережесін бұзғаны туралы хабарлама келіп түсті: шамамен сағат 05:00-де оның атына тіркелген көлік Покровка көпірінде жылдамдықты асырған, бұл "Мегакам.Қорғау" аппараттық-бағдарламалық кешенінің камерасымен тіркелген.

Бейнекамерадағы жазба арқылы тәртіп сақшылары ұрланған көліктің бағытын анықтап, оның жолын кесу үшін бағыт бойындағы барлық аудандық полиция бөлімшесіне жедел бағдар жолдады. Жамбыл ауданында да тосқауыл бекеттері қойылды. Нәтижесінде жүргізуші Приишимка – Архангелка тасжолында тоқтатылды.

Рөлде масаң күйідегі Покровка ауылының 32 жастағы тұрғыны болған. Ол Есіл ауданы полиция бөлімінің жедел тергеу тобына тапсырылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жамбыл ауданы полицейлерінің кәсіби іс-әрекеттері нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды: мас жүргізуші тек өзі ғана зардап шекпей, қала сыртындағы тасжолда өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіруі мүмкін еді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру