Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да патрульдік полицейлер түтінге оранған үйден 80 жастағы тұрғынды алып шықты

СҚО-да патрульдік полицейлер түтінге оранған үйден 80 жастағы тұрғынды алып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 тамыз таңғы сағат 05:00 шамасында құрамында қызмет инспекторлары Азамат Букуев пен Нұрсұлтан Лспанов бар СҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажы дабыл шақыруын қабылдайды: Лермонтов көшесінің бойындағы үйлердің біріне бару қажет. Келіп түскен ақпарат бойынша сол жерде үй өртеніп жатқан.
Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер тұрғын үйге жапсарлас жабық ауладан шыққан жалын мен түтінді байқаған. Азамат Букуев үш газ баллонын алып шығып, әріптесімен бірге түтінге оранған үйге енген. Онда сыртқа шығуға талпынған егде жастағы адамды байқаған. Офицерлер әжейдің өтініші бойынша дәрісін алып, таза ауаға шығуына көмектескен. Әйелді патрульдік көлікке отырғызып, үйдің қалған бөлмелерін тексеріп шыққан және көмекке келген көршілермен бірге шелектермен жанып тұрған жалынға су құя бастайды. Өрт сөндірушілер келіп, оттың ошағын толықтай жояды. Дәрі ішу үшін әжейге бір стақан су ұсынып, Оня Ивановнаны ұлының үйіне апарған полицейлер қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруын жалғастырады.
Келесі күні зейнеткердің туыстары патрульдік полицейлерге өз ризашылығын білдіргені белгілі болды. Көкшетаудан арнайы келген әжейдің інісі Александр Маймескулов әпкесін аман алып қалған қызметкерлерге алғыс білдіру үшін аудандық полиция бөліміне барған.

 

Азамат Букуев пен Нұрсұлтан Оспанов  бұл өздерінің жұмысы екендігін және олардан басқа өртті ауыздықтауға Саумалкөлдің өзге тұрғындары көмектескенін атап өтті.

Айта кететін болсақ, Азамат Букуев бұған дейін де өртте адамдарға көмекке келген: 2019 жылдың желтоқсанында сол Саумалкөлде өзінің әріптесімен бірге өрт құшағынан екі әйел мен төрт кәмелетке толмаған баланы аман алып шыққан.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру