Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да патрульдік полицейлерді суда адамдарды құтқару дағдыларына үйретуде

СҚО-да патрульдік полицейлерді суда адамдарды құтқару дағдыларына үйретуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пестрое көлінің жағасында Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен патрульдік полицейлердің нұсқамалық-тренингі өтті. Көктемгі су тасқынына дайындық барысында тәжірибелі құтқарушылар полицейлерге суда құтқару әрекеттерінің алгоритмі мен суға бату кезінде дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету бойынша тренинг өткізді. Полиция департаменті бастамашылық етті.

Қала сыртында орналасқан жолдардағы штаттан тыс жағдайлар, өрт кезінде көмек көрсету, су басу кезінде адамдарды құтқару – осындай жағдайлар патрульдік полицейлер қызметінде жиі болмаса да, ұдайы кездесіп тұрады. Олардың экипаждары адам құтқару бойынша жедел және сауатты әрекеттерді талап ететін барлық шақыртуларға алғашқылардың бірі болып барады. 2019 жылы ІІМ-нің басшылығының нұсқауы бойынша автопатрульдер арнайы құралдармен, арқан, шам, құтқару дөңгелектерімен, құтқару кеудешелерімен жабдықталды. Бұл заттар халыққа шұғыл көмек көрсету кезінде жылдам әрекет үшін арнайы берілген. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері патрульдік полицейлерге теориялық дайындықты өткізіп тұрады. Суға батып жатқандарды құтқару әдістері, дәрігер келгенге дейінгі алғашқы көмек көрсету, қол астындағы заттарды қолдану тәсілдері – құтқарушылар суда құтқару қызметінің барлық әдіс-тәсілдерін толығырақ әңгімелеп, бөлісті.


СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, тренингке қала сыртындағы жолдарға қызмет көрсетін облыстық патрульдік полиция батальоны және облыс орталығының көшелерінде қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қалалық патрульдік полиция батальондарының қызметкерлері қатысты.

– Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары сияқты күнде құқық бұзушылықтарды ескерту бойынша жұмыс жүргізуімен қатар «сервистік полиция» аясында жұмыс істеуге, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызметтерді көрсету және азаматтар үшін полицияның барынша қолжетімді болуына бағдарланған. Осы жұмысқа құтқарушылармен бірге табиғи катаклизмдерге қарсы тұру бойынша әрекеттерге дайындық жасау да жатады, – деп атап өтті Айдын Байматов.


Жыл басынан солтүстікқазақстандық патрульдік полицейлер қала сыртындағы жолдарда жүргізушілерге онға тарта шұғыл көмек көрсеткен. Көп жағдайда суықта көліктің істен шығуы, боран мен жолда орын алатын басқа да штаттан тыс жағдайларда көмек көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру