Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ПД бастығы арнайы жасақ бөлімшелерінің дайындық деңгейін тексерді

СҚО-да ПД бастығы арнайы жасақ бөлімшелерінің дайындық деңгейін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаментінің басшысы кезекші бөлімнен бастап, киім ауыстыратын бөлмелер мен спорт залына дейін барлық үй-жайларды жеке өзі аралап көрді. Сондай-ақ қару-жарақ пен автопарктің бір бөлігін тексерді.

Жеке құраммен кездесу барысында Абай Жусупов полицияның арнайы бөлімшелерінде қызмет ететін қызметкерлер әрдайым жоғары физикалық дайындықта болуы, сондай-ақ жауапкершілігі жоғары міндеттерді бөлімше құрамында орындауға моральдық және психологиялық тұрғыдан дайын тұруы қажет екенін ерекше атап өтті.

Қажет болған жағдайда дәл осы жедел қимылдайтын арнайы жасақтың жауынгерлері ең күрделі учаскелерге, күштік операциялардың алдыңғы шебіне жіберіледі.

Полиция департаментінің бастығы қызметкерлердің әлеуметтік қолдау мәселелері, олардың психологиялық жағдайы мен қызмет нәтижелілігі өзінің жеке бақылауында болатынын айтты.

Кездесу соңында ол әріптестеріне мықты денсаулық, отбасыларына амандық және қызметтік міндеттерін орындауда жаңа жетістіктер тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру