СҚО-да ПД қызметкерлері шағын футболдан сайысты
Қазақстан полициясы күніне орай СҚО-да ПД аппаратының қызметкерлері шағын футболдан сайысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстанда облысында полицейлер келе жатқан кәсіби мерекені дәстүрлі спорттық жарыспен қарсы алды. «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамында екі күн бойы өткен шағын футбол турнирі облыстық полиция департаменті аппаратының сегіз басқармасынан жиналған қызметкерлердің басын қосты.
Іріктеу ойындарының қорытындысы бойынша жартылай финалға ақпараттандыру және байланыс басқармасының, облыстық патрульдік полиция батальонының, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының, арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының командалары шықты.
– Барлық командалар дәстүрлі түрде мықты, спорттық кездесулердің нәтижесін болжау қиынға соқты, — деп атап өтті СҚО ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Орал Хамзин.
19 маусымда шешуші кездесулер өтті. Тартысты кездесулердің нәтижесінде бірінші орынды патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарға арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы мен ақпараттандыру және байланыс басқармасы тұрақтады.
Турнирдің үздік ойыншысы болып Таңат Мәденов (ППБ) танылды. Үздік шабуылшы атағын Руслан Хамзин (АББ) алды. «Үздік қақпашы» номинациясы Ерлан Қазиевке (АЖДБ) берілді.
Орал Хамзин және «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Талғат Туғанбаев жеңімпаздарға кубок, өзге жүлдегерлерге грамоталар табыс етті.
Спорттық жарыстар – командалық рухты нығайтуға және салауатты өмір салты идеяларын ілгерілетуге ықпал ететін тәртіп сақшыларының жақсы дәстүрі.