Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полейцейлер мен өрт сөндірушілер жатақханалар мен хостелдерге рейд жүргізді

СҚО-да полейцейлер мен өрт сөндірушілер жатақханалар мен хостелдерге рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғын үйлерді хостелдер, жатақханалар етіп қайта жабдықтау өрт қаупін тудыруы әбден мүмкін. Солтүстікқазақстандық полицейлер өрт сөндіру қызметкерлерімен бірлесе «Жатақхана» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізіп жатыр.

Назарда – жатақханалар. Петропавлда олардың саны – 56, сондай-ақ 20 қонақ үй және 7 хостел бар. Құтқарушылар өрт сөндіргіштердің, өрт дабылдатпаларының болуын тексереді, электр сымдарын қадағалап отыруды ескертеді. Учаскелік полиция инспекторлары тұрмысы төмен отбасыларды тексеруге бағдарланған, осы санаттағы отбасылардың дені жатақханаларда тұрады. Алкогольді асыра пайдалану – өрт қаупі факторларының бірі саналады.

– Бүгінгі күні облыс орталығындағы осындай 25 объекті, облыс бойынша 39 объекті тексеріліп, 3 мыңнан астам адам қамтылды. Жұмыс жергілікті билік өкілдерімен және жұртшылықпен бірлесе жүргізіледі. «Жатақхана» ЖПІШ өткізу бойынша іс-шаралар жоспары аясында аудан халқы өрт қауіпсіздігі туралы тұрғындармен өткізілетін жиналыстарда ақпараттандырылады, – деп хабарлайды СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру